E-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Басты


 

«Әлеуметтік Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 26 наурыздағы №165 бұйрығы «Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын бекіту туралы» атап айтқанда, әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін келесі стандарттар қабылданған «...жартылай стационар жағдайында ...., үйде қызмет көрсету».

«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» Мемлекеттік коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын 2016 жылы ақпанда құрылған. МКҚК жарғылық қызметі«...жалғыз тұратын қарт азаматтарға, І және ІІ топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға тұрақты түрде үйде қызмет көрсету» - деп  көрсетілген. Осылайша, жарғылық қызметінің мағынасы МКҚК үйде қызмет көрсету жағдайында, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызмет стандарттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл стандарт шеңберінде «үйде қызмет алушылардың қызметтерді тұрғылықты жері бойынша көрсету тұрғысынан» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үшін үйде әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысандарының, қызметтерінің тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Астана қаласының Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2016 жылы 1 сәуірде ашылды, Алматы, Есіл, Сарыарқа аудандарының әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелер негізінде құрылды және бүгінгі күнде үйде 7 арнайы әлеуметтік қызмет  және орталық аумағында 8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Орталықта 301 жалғыз басты қарттар мен І және ІІ топ мүгедектері, 297 мүмкіндігі шектеулі  балақызмет алады. Орталық аумағында арнайы әлеуметтік қызметтердің бірнеше түрі ұсынылған (әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек). Осы арнаулы әлеуметтік қызметтер көлемін ескере отырып орталықта: дефектолог, психолог, логопед, еңбек терапевті, музыка мұғалімі, ЕДШ нұсқаушысы, реабилитолог дәрігері мамандары жұмыс істейді. Жоспарлауды дұрыс жүргізу үшін және арнайы әлеуметтік қызметтерді жеке бағалау үшін мамандар кезеңмен топтық қорытынды жүргізеді. Бірінші қарау барысында барлық сарапшылар баланың даму деңгейін бағалап,  диагнозымен баланың мүмкіндігін ескере отырып, әлеуметтік қызмет көрсету мақсаттары мен міндеттерін қояды. Топтық шешім бойынша, оңалтудың бірінші кезеңі 1 айға созылады. Айдың соңында баланың дамуы байланысты жоспарлау динамикасын анықтап жаңа міндеттер. Топтық  оңалту командасы үздіксіз баламен жұмыс жасайды және әлеуметтік қызметкерлер мен ата-аналарға тұрақты түрде кеңестер береді.

Орталық базасында 2016 жылдың 24 сәуірінде - Қазан мемлекеттік медицина университетінде неврология және нейрохирургия профессоры және балалардың өмірлік функцияларын қалпына келтіру үшін патенттелген инновациялық технологиялардың авторы Исанова В.А қатысуымен «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ата-аналар мен кадрларды дайындау арқылы, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау және оңалту» тақырыбында оқыту тақырыбында семинар өтті.

Мамырдың үшінші онкүндігінде орталық иппотерапия және гидротерапия қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Балаларды осы қызметті алу барысында, әлеуметтік қызметкерлер және нұсқаушылар тартылатын болады. Орталық қызметкерлері Балаларды қорғау күніне, Астана күніне, қарттар мен мүгедектерге айының мерекелеу бағдарламасын әзірлеуде. Мәдени-әлеуметтік қызметтер мәдени ұйымдастырушы және музыка оқытушысы ұсынады. Орталықта қарттарға массаж,музыка және еңбек сабақтарын  өту  жоспарланып отыр.

Орталық қызметкерлері қарттар мен І және ІІ топ мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде және орталық аумағында сапалы әлеуметтік қызмет көрсету міндеттерін қойды. Бұл адамдарға қоғамда бейімделуге көмектесу және олардың екінші үйі жағымды да және пайдалы болатын Сәтпаев, 31 келуді ұйымдастыруға барлық күш-жiгерiн жұмсау. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы өз қабырғасында Астана қаласының жалғыз басты қарт адамдар және мүгедек балаларға орталықта және үйде қызметтер ұсынатынын қүана хабарлайды.

Біздің орталықтың қабылдау шарттары туралы www.soc-center.kz сайтында таба аласыз; Электрондық пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.